Амина Қайырбекова мен Жанат Сайын мектеп оқушылары арасында шахматтан Әлем чемпионы атанды

Таиландтың Патайа қаласында мектеп оқушылары арасында шахматтан Әлем чемпионаты аяқталды. Қазақстандық шахматшылар алтын медаль саны бойынша (2 алтын жүлде) командалық есепте 4-ші орын алса, ал жалпы медаль саны бойынша (барлығы 10 жүлде) 2-3 орын иеленді. Амина Қайырбекова (Астана) мен Жанат Сайын (Орал) жарыстың алтын жүлдесін иеленіп, Әлем чемпионы атанды. Ал, Дениз Құрманалина (Алматы) мен Алдияр Ансат (Астана) жарыстың күміс жүлдесін ұтып алды. Сонымен қатар, Назерке Нұғали (Қызылорда), Қазыбек Нөгербек (Астана) мен Арыстанбек Оразаев (Ақтөбе) Әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды. Осыған қоса, 18 қазақстандық мектеп оқушысы Әлем чемпионатының үздік 10 шахматшысы қатарына кірді. Фото: worldschoolschess.com

Танымал жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан құрамасы футболдан Әлем чемпионатының жеребе тарту рәсімінде J тобына жайғасты
Абылайхан Жүсіпов Азия чемпионы атанды
«Астана» «Челсиге» есе жіберді
Қазақстандық ауыр атлет Әлем чемпионы атанды
Ел мерейін асқақтатқан спортшылар
Қазақстандық қыздар Азия чемпионатында бес алтын еншіледі
Қазақстан құрамасынан 14 спортшы Азия чемпионатының финалына шықты
Шавкат Рахмонов мансабындағы 19-жеңісіне қол жеткізді
Шавкат Рахмонов пен Иэн Гэрри көз түйістірді
Бокстан Азия чемпионаты «Qazsport» телеарнасына қатысы жоқ себептерге байланысты көрсетілмейтін болды
КФФ президенттігіне үміткерлердің есімдері белгілі болды
Бокс: Алуа Балқыбекова сырқатына байланысты жарысқа қатыса алмайды
Бейбарыс Жексен өзбекстандық боксшыдан басым түсті
Бокс: Оразбек Асылқұлов қарсыласын мерзімінен бұрын жеңді
Азия чемпионаты: Дулат Бекбауов ширек финалда
Шаңғы жарысы: Финляндиядағы Әлем Кубогына қатысатын ел құрамасы жасақталды
Руслан Құрбанов семсерлесуден Әлем кубогында қола медаль жеңіп алды
Қазақстандық шахматшылар Әлем чемпионатында топ жарды
Түркістанда қазақ күресінен Әлем кубогы аяқталды
Қазақстандық балуандар Оңтүстік Кореяда өткен турнирде алты жүлдеге ие болды