Шымкентте стендтік атудан Жеңістің 70 жылдығына арналған ҚР жазғы спартакиадасы өз мәресіне жетті
Сайысқа еліміздің Астана және Алматы қалалары, Павлодар, Қызылорда, Маңғыстау, Қостанай және Оңтүстік Қазақстан облыстарынан келген спортшылар 16 жүлде жиынтығын (8 жекелай, 8 командалық) сарапқа салды.
Жалпыкомандалық есепте 19 жүлде (7 алтын, 7 күміс, 5 қола) иеленген ОҚО құрамасы көш бастаса, Алматы қаласы 11 жүлде (2 алтын, 7 күміс, 2 қола) көрсеткішімен екінші орында, ал үздіктер үштігін еншісінде 7 жүлдесі (2 алтын, 1 күміс, 4 қола) бар Қызылорда облысының мергендері түйіндейді.
sk-sport.kz