Универсиада-2015. Дмитрий Баландин жүзуден қола медаль иеленді
Оңтүстік Кореяның Кванджу қаласында XXVIII Жазғы Универсиада ойындары өтуде.
Қазақстандық жүзуші Дмитрий Баландин (27:46) ерлер арасындағы 50 метр қашықтыққа брасс әдісімен жүзу жарысында қола жүлде жеңіп алды. Ал, 1-ші орынды сербиялық Саба Силади (27:34) иеленсе, 2-ші орынға италиялық Андреа Тольято (27:41) тұрақтады.
Жарыстың бұл күні Қазақстан Ұлттық құрамасының қоржынына екінші алтын жүлде түскен еді. Әйелдер арасында 100 метр қашықтыққа жүгіруден Виктория Зябкина Универсиада чемпионы атанды.
Еске сала кетейік, «KAZsport» телеарнасы Кванджудағы Универсиада ойындарын тікелей эфирде көрсетуде.