Универсиада-2015. Дмитрий Баландин жүзуден чемпион атанды
Оңтүстік Кореяның Кванджу қаласында XXVIII Жазғы Универсиада ойындары басталды.
Жарыстың екінші күні қазақстандық жүзуші Дмитрий Баландин Қазақстан құрамасына алғашқы алтын медаль жеңіп алды. Оған 100 метр қашықтықта брасс әдісімен жүзуде ешкім тең келмеді.
Екінші және үшінші орынды екі ұлыбританиялық иеленді. Джеймс Уилби күміс медаль алса, Крейг Бесон «қолаға» ұтып алды.
Еске сала кетейік, «KAZsport» телеарнасы Кванджудағы Универсиада ойындарын тікелей эфирде көрсетуде.