«Астана «EXPO-2017» компаниясы #HelloEXPO2017 атты фотосуреттер байқауын өткізеді
Жазда шетелге демалысқа бара жатқан әлеуметтік желілердің қолданушыларына EXPO-2017 компаниясы фирмалық футболкалар киіп суретке түсіп, оны желілерде жариялауды ұсынуда.
Байқау 2015 жылдың 13 шілдесінен 31 тамызы аралығында Қазақстанда тұратын бүкіл халық арасында өткізіледі. EXPO футболкалары бірегей дизайнымен ерекшеленеді. Оларда шетелдіктерді елімізбен таныстыратын «Қазақстан – қызғалдақ отаны», «Қазақстан – алма отаны» деген жазулар бейнеленген.
Фотосуреттерді Инстаграм және ВКонтакте желілерінде жариялау қажет. Байқаудың шартына сәйкес фотосуреттің астына #HelloEXPO2017 хэштэгін қою керек. Байқау нәтижелерін 2015 жылдың 8 қыркүйегінде тәуелсіз қазылар алқасы қорытындылайды.
Байқау шарттарына шығармашылықпен қарап, ең қызықты фотосуретті түсірген қатысушы 2015 жылдың қазан айының соңында өтетін EXPO Milano 2015 Дүниежүзілік көрмесінің жабылуына қатысу үшін Миланға екі билет ұтып алады.
Футболкаларды шетелге шығуға арналған әуебилетті немесе отырғызу талонын көрсету арқылы Астана мен Алматы әуежайларында орнатылған промо-үстелдерден 2015 жылдың 13 шілдесінен 10 тамыз алуға болады.
Сондай-ақ, олар келесі мекенжайларда таратылады: Алматы қ., Мақатаев к., 117а, 524-кеңсе; Астана қ., Тәуелсіздік д. 34, «ASTANA MALL» сауда ойын-сауық орталығы, 3-қабат.