Бүгін Ресейдің Қазан қаласында су спорты түрлерінен XVI Әлем чемпионаты басталды
Бәсекеге 181 елдің спортшылары қатыспақ.
Бұл сынға Қазақстандық спортшылар да қатысады. Әлем біріншілігінде чемпион атанған спортшылар тікелей 2016 жылғы Рио Олимпиадасына қатысуға жолдама алады.
Әлем чемпионатында жалпы саны 75 медаль сарапқа салынбақ. Чемпионат 9 тамызға дейін жалғасады.
Еске сала кетейік, су спортынан Әлем чемпионатын «KAZsport» телеарнасынан көре аласыздар.