Алматыда ХОК сессиясының тікелей трансляциясы көрсетіледі
Алматы қаласының тұрғындары 2022 жылғы Қысқы Олимпиада ойындарының қай қалада өтетінін алғашқылардың бірі болып біледі.
Алматы қаласы әкімі баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2015 жылдың 31 шілдесінде сағат 15:00-де Республика сарайының алдындағы Абай алаңында Халықаралық Олимпиада Комитетінің кезекті сессиясы тікелей эфирде көрсетілмек.
Сессияда 2022 жылғы Қысқы Олимпиаданы өткізетін қала анықталады. Олимпиада ойындарын өткізуге - Алматы мен Бейжің қалалары үміткер.
Еске сала кетейік, ХОК сессиясы Малайзия астанасы – Куала-Лумпур қаласында 31 шілдеде өтеді.