Ақтауда жағажай волейболынан мүмкіндігі шектеулі спортшылар арасында халықаралық турнир басталды
Ақтауда жағажай волейболдан тірек-қимыл қозғалыс аппараты зақымдалған мүгедек спортшылар арасында Қазақстан чемпионаты мен халықаралық турнир басталды.
Екі жарыс 9 тамызға дейін «Каспий» жағажай волейбол клубының алаңқайында өтеді. Чемпиондық атақ үшін 10 команда таласқа түспек. Қазақстан чемпионатында еліміздің барлық өңірінен спортшылар қатысуда.
Ал, халықаралық турнирде Германия, Словакия, Ресей және Қазақстан елдерінің командалары бақ сынауда.
Фото: lada.kz