Дмитрий Баландин Әлем чемпионатында 200 метрлік брасстың финалына шықты
Қазанда (Татарстан) су спорты түрлерінен Әлем чемпионаты өтуде.
Қазақстандық жүзуші Дмитрий Баландин жартылай финалда 200 метрді брасс әдісімен 2:09.22 уақытымен жүзіп өтіп, финалға жолдама иеленді.
Осылайша Д.Баландин ресейлік Антон Чупковтан (2:09.64) озды. Ал, жартылай финалда ең үздік уақытты жапониялық Ясухиро Косэки (2.08.03) көрсетті.
Айта кетейік, «KAZsport» телеарнасы су спортынан Әлем чемпионатын тікелей эфирде көрсетуде.