Қазақстандық шахматшы Назерке Нұрғали Азия чемпионатында қола медаль ұтып алды
Оңтүстік Кореяның Сувон қаласында 8, 10, 12, 14, 16, 18 жастағы шахматшылар арасында Азия чемпионаты аяқталды.
Жарысқа 16 мемлекеттің спортшылары қатысты. Қазақстаннан 12 жас шахматшы бақ сынап, жалғыз медальді қызылордалық Назерке Нұрғали еншіледі.
12 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында сынға түскен Назерке швейцар жүйесі бойынша классикадан 9 турда 6 ұпай жинаған.