«Жетісу» волейбол клубы Азия чемпионатыны жеңіліспен бастады
Волейболдан Қазақстан чемпионы талдықорғандық «Жетісу» клубы Вьетнамда өтіп жатқан Азия чемпионатының алғашқы екі ойынында жеңіліске ұшырады. Асқара Шалқыбековтің командасы тайландтық «Бангкок Гласс» және тайпейлік «Тайвань Пауэрс» клубтарынан 3:0 есебімен ұтылған.
«Жетісу» клубының құрамы: Әлия Батқұлдина (№1), Татьяна Мудрицкая (№3), Әлия Садықова (№4), Ольга Наседкина (№5), Ольга Соболева (№7), Коринна Ишимцева (№8, к), Анастасия Миклашевич (№9), Марина Стороженко (№10, л), Катерина Татко (№11), Айнагүл Айжарықова (№12), Виктория Емельянчик (№14), Елена Козыряцкая-Середа (№15).
Енді, «Жетісу» командасы ертең Вьетнамдық «Лиен Вьет Пост Банк» клубына қарсы ойнайды.
Турнир 20 қыркүйекте аяқталады.