Нұрсұлтан Мамаев – Әлемдік Гран-при турнирінің жеңімпазы атанды
Манчестер қаласында өтетін Әлемдік Гран-при жарысының екінші күні қазақстандық таэквандошы Нұрсұлтан Мамаев сәтті өнер көрсетті.
22-жасар спортшы 58 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде чемпион атанды. Нұрсұлтан Мамаев бельгиялық спортшыны Мурад Лахракуиды (9:4) және Си Мохамед Кетбиді (13:8), португалдық Руи Браганканы (6:4) және оңтүстіккореялық Ким Тэ Ханды (күресуден бас тартты) жеңген.
Ал, финалда испандық Тортоса Кабрераны ұтып, Гран-при турнирінің чемпионы атанды.