«Алау» мұз айдынында конькиден Қазақстан чемпионаты басталды
Бүгін жарыстың салтанатты ашылуы рәсімінен кейін спортшылар алғашқы қашықтықтарын бағындырды. Ертең мұз айдынға жарыстың кіл мықтылары шықпақ, олардың қатарында Ұлттық құрама мүшелері – 2013 жылғы Әлем чемпионы Денис Кузин мен Әлем Кубогы кезеңінің қола жүлдегері Екатерина Айдова бар.
Биылғы біріншілікте қазақстандық коньки спортының тарихында алғаш рет командалық спринт өткізіледі. Бұл Халықаралық коньки спорты федерациясы ұйымдастырған қызықты да тартымды бағдарлама түрі.
Ресейлік маман Сергей Клевченя басқаратын ҚР жастар құрамасы ел біріншілігіне алғаш рет қатысуда.
Чемпионат қорытындысы бойынша халықаралық жарыстар мен жасөспірімдер турнирлерінде Қазақстан намысын қорғайтын құрамалар жасақталады.