Элизабет Тұрсынбаева «Skate America» Гран-приінде 4-ші орын иеленді
АҚШ-тың Милуоки қаласында мәнерлеп сырғанаудан Гран-придің алғашқы кезеңі «Skate America» жарысы аяқталды.
Қазақстандық спортшы Элизабет Тұрсынбаева өзінің ересектер арасындағы алғашқы сайыста 4-ші орын алды. Қысқа және еркін бағдарламада көрсеткен нәтижесі – 178.56 ұпай.
Ал, жарыстың алтын жүлдесін ресейлік Евгения Медведева (206.01) алса, 2-ші орынға АҚШ спортшысы Грейси Голд (202.80) тұрақтады. Үздік үштікті жапониялық Сатоко Мияхара (188.07) иеленді.
Еске сала кетейік, бүгін, 25 қазанда, «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы «Skate America» Гран-приінің Гала-шоуын сағат 00:45-те тікелей эфирде көрсетеді.