Оралда С.Бердіқұловты еске алуға арналған республикалық спартакиада аяқталды
Спорт журналистикасының негізін қалаған қаламгер, жазушы, қоғам қайраткері Сейдахмет Бердіқұловты еске алуға арналған БАҚ қызметкерлері арасында ІІ республикалық спартакиада мәреге жетті.
Жарысқа Қазақстанның жеті облысы мен Алматы қаласынан және республикалық телеарналардан құрамында 150-ден астам адам бар 12 команда қатысып, спорттың тоғыз түрі (шағын футбол, жүзу, үстел теннисі, волейбол, баскетбол, жеңіл атлетика, қол күресі, гір көтеру, шахмат) бойынша сынға түсті.
Спартакиада қорытындысы бойынша жалпыкомандалық есепте «Хабар» телеарнасы жеңімпаз атанса, «Қазақстан-Орал» телеарнасы екінші, Ақтөбе облысының командасы үшінші орынды иеленді.
«Қазақстан-Орал» телеарнасының жеңімпаздары мен жүлдегерлері:
Оксана Игликова - 1 орын, суға жүзу,
Гүлдана Ғұсманова - 1 орын, жеңіл атлетика,
Ақболат Қатешев - 2 орын, кір тасын көтеру,
Арайлым Есмағұлова - 2 орын, шахмат,
Надежда Хан - 3 орын, үстел теннисі,
Рүстем Ищанов - 3 орын, шахмат,
Ерлес Түлегенов - 3 орын, армреслинг,
Футбол құрамасы: (Елдар Аюпов, Дамир Ниетқалиев, Алтынбек Қабделов, Ержан Өтепқалиев, Руслан Тоқтар, Ұзақ Серіков) - 3 орын.
Берік Құбашев пен Әлібек Тұяқов БҚО құрамасы сапында 3 орын.
Марат Айса - 4 орын, үстел теннисі,
Волейбол құрамасы: (Алмагүл Жампейсова, Жанеркем Боранбаева, Қайырбек Сариев, Дидар Бақтыгереев, Ерлес Түлегенов, Алмас Адиетов, Айбек Сағынгалиев) - 5 орын,
Баскетбол құрамасы: (Қайырбек Сариев, Елдар Аюпов, Арман Габдушев, Ұзақ Серіков, Мейрамбек Хайруллин) - 5 орын,
Дидар Бақтыгереев - 5 орын, суға жүзу,
Азамат Құжақов - 6 орын, жеңіл атлетика.