Қазақстандық спортшылар садақпен атудан екі олимпиадалық жолдама иеленді
Қазақстандық спортшылар жуырда Бангкок (Таиланд) қаласында садақпен атудан өткен Азия чемпинатында екі олимпиадалық жолдама иеленді, деп хабарлайды sk-sport.kz.
Құрлықтық чемпионатта Қазақстанның атынан 14 ұлттық құрама спортшысы сынға түсті.
Алматы облысының өкілі Сұлтан Дүзелбаев мен ОҚО тумасы Луиза Сайдиева «Олимпиадалық айналым» М-1 жаттығуында 9-орынды иемденді және садақпен атудан Азия федерациясының шешімімен бұл қос спортшыға 2016 жылы Рио-де-Жанейро (Бразилия) қаласында өтетін Олимпиада ойындарының жолдамасы тағайындалды.