Алматыдағы «Достық» спорт кешенінде каратэ-додан осымен екінші рет ашық қалалық турнир басталды
ҚР Тұңғыш Президенті күніне бағышталған спорттық шараға Қазақстан бойынша 6-17 жас аралығындағы 300-ге жуық жасөспірім спортшылар қатысуда.
Турнирге Алматы қаласы мен облысы, Астана қаласы және Қарағанды, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Жамбыл, Маңғыстау облыстарынан спортшылар келген. Олардың арасында Азия чемпионы – Александра Будкина мен Әлем біріншілігінің жүлдегері – Кәкіш Ерасыл бар.
Турнирді каратэдо-дан Алматы қалалық федерациясы мен Алматы қалалық Дене шынықтыру және спорт Басқармасы ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы қорының қолдауымен ұйымдастырды.
Айта кетелік, Турнирге құрметті қонақ ретінде белгілі Голливуд жұлдызы, жапондық актер Кэри-Хироюки Тагава қатысты.
Турнир бүгін кешке қарай аяқталады.
ҚазАқпарат