Қызылордада мәнерлеп сырғанаудан ел чемпионаты аяқталды

ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, Қызылорда облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының ұйымдастыруымен үстіміздегі жылдың 20-21 желтоқсан күндері Қызылорда қаласында мәнерлеп сырғанаудан Қазақстан чемпионаты аяқталды. Биыл Сыр елінде екінші мәрте өткізілген жарысқа Астана, Алматы қалалары мен Алматы, Қарағанды, Оңтүстік Қазақстан, Павлодар, Шығыс Қазақстан және Қызылорда облыстарынан 8 команда команда бақ сынасты, деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметі. Аталмыш додада 14 ҚР спорт шеберлері, 29 спорт шеберлігіне кандидаттар және 15 бірінші спорттық разрядты 10 жастан 18 жасқа дейінгі спортшылар қысқа және еркін бағдарламалар бойынша өнер көрсетті. Чемпионаттың қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер: I спорттық разряд бойынша қыздар арасында: I орын Злата Рязанова (Астана қ., ұпайы 83,00) II орын Милана Садыкова (Астана қ., ұпайы 73,82) III орын Ясмин Текик (Астана қ., ұпайы 70,22) Ұлдар арасында: I орын Елисей Волков (Алматы қ., ұпайы 61,19) II орын Кирилл Кокоулин (Қарағанды обл., ұпайы 49,92) III орын Леонид Михальцов (Қарағанды обл., ұпайы 40,38) Спорт шеберлігіне кандидат бойынша қыздар арасында: I орын Алана Токтарова (Алматы обл., ұпайы 113,98) II орын Гүлжан Жұмәділова (Алматы қ., ұпайы 87,27) III орын Эльвира Темірова (Қарағанды обл., ұпайы 85,90) Ұлдар арасында: I орын Никита Манько (Астана қ., ұпайы 117,20) II орын Молдияр Есеев (Алматы қ., ұпайы 94,98) III орын Всеволод Филь (Алматы қ., ұпайы 89,97) ҚР спорт шебері бойынша әйелдер арасында: I орын Элизабет Тұрсынбаева (Қызылорда обл., ұпайы 194,94) II орын Айза Мамбекова (Алматы қ., ұпайы 113,60) III орын Алина Сыдықова (Астана қ., ұпайы 94,41) Ерлер арасында: I орын Данияр Әділов (Алматы қ., ұпайы 156,68) II орын Артур Панихан (Алматы қ., ұпайы 129,48) III орын Андрей Лебедев (Алматы қ., ұпайы 119,37) Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлерін облыс әкімі Қырымбек Көшербаев, «Казгермұнай» компаниясының директоры, жарыстың бас демеушісі Медет Кәрім, жарыстың бас төрешісі, халықаралық дәржедегі төреші Юрий Гуськов, мәнерлеп сырғанаудан ҚР мемлекеттік жаттықтырушысы Надежда Перфильева, "Мұз айдыны" спорт кешенінің директоры Николай Некрасов және №4 облыстық олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебінің директоры Алексей Ильин марапаттады. Сондай ақ, Қазақстан жеңімпазын дайындағаны үшін Э.Тұрсынбаеваның анасы әрі жаттықтырушысы Падишахан Сұлтаналиеваға алғыс хат пен медаль табысталды. Айта кетейік, осымен Элизабет ересектер арасында 2 мәрте Қазақстан жеңімпазы атанды. Марапат соңында Элизабет Ел тәуелсіздігі және Жаңа жыл мерекесіне орай, жерлестеріне тарту ретінде скрипкада өнер көрсетті.

Танымал жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан құрамасы футболдан Әлем чемпионатының жеребе тарту рәсімінде J тобына жайғасты
Абылайхан Жүсіпов Азия чемпионы атанды
«Астана» «Челсиге» есе жіберді
Қазақстандық ауыр атлет Әлем чемпионы атанды
Ел мерейін асқақтатқан спортшылар
Қазақстандық қыздар Азия чемпионатында бес алтын еншіледі
Қазақстан құрамасынан 14 спортшы Азия чемпионатының финалына шықты
Шавкат Рахмонов мансабындағы 19-жеңісіне қол жеткізді
Шавкат Рахмонов пен Иэн Гэрри көз түйістірді
Бокстан Азия чемпионаты «Qazsport» телеарнасына қатысы жоқ себептерге байланысты көрсетілмейтін болды
КФФ президенттігіне үміткерлердің есімдері белгілі болды
Бокс: Алуа Балқыбекова сырқатына байланысты жарысқа қатыса алмайды
Бейбарыс Жексен өзбекстандық боксшыдан басым түсті
Бокс: Оразбек Асылқұлов қарсыласын мерзімінен бұрын жеңді
Азия чемпионаты: Дулат Бекбауов ширек финалда
Шаңғы жарысы: Финляндиядағы Әлем Кубогына қатысатын ел құрамасы жасақталды
Руслан Құрбанов семсерлесуден Әлем кубогында қола медаль жеңіп алды
Қазақстандық шахматшылар Әлем чемпионатында топ жарды
Түркістанда қазақ күресінен Әлем кубогы аяқталды
Қазақстандық балуандар Оңтүстік Кореяда өткен турнирде алты жүлдеге ие болды