Алексей Полторанин «Тур де Ски» көпкүндік жарысының бесінші кезеңінде алтын медаль жеңіп алды
Германияның Оберстдорф қалашығында шаңғы спортынан «Тур де Ски» жарысының бесінші кезеңінде 15 шақырым қашықтықта қазақстандық Алексей Полторанин алтын медальді жеңіп алды.
Бұл – А.Полтораниннің әлем кубогы кезеңдеріндегі тоғызыншы жеңісі және 22-жүлдесі. А.Полтораниннің сүйікті қашықтығы болып есептелетін 15 шақырымдық классикалық жарыста қазақстандық шаңғышыдан басқа ешкім екі реттен артық жеңіске жетпеген.
Бесінші кезеңнен кейін А.Полторанин «Тур де Ски» жарысының жалпы есебінде алғашқы үштікке жақындады.
Еске сала кетейік, «Тур де Ски» жарысының Швейцарияның Ленцерхайде мекенінде өткен екінші және үшінші кезеңінде А.Полторанин бесінші және жетінші орынды иеленген еді.
1. Алексей Полторанин (Қазақстан) — 35:35.9
2. Дарио Колонья (Швейцария) — +0.1
3. Франческо Де Фабиани (Италия) — +0.6.