Қазақстандық биатлоншы А.Пантова жасөспірімдер арасында Әлем чемпионы атанды
Румынияның Чейле Градистейінде жасөспірімдер арасында биатлоннан өтіп жатқан Әлем чемпионатында қазақстандық Арина Пантова топ жарды.
Арина 7,5 шақырымға ізге түсіп жарысудан нысана көздеуде бір рет мүлт кетіп, мәреге бірінші келді. Украиналық Анна Кривонос күміс, германиялық Марина Саутер қола жүлдені иеленді.
Сөйтіп, он алты жасар қазақстандық биатлоншы спорттық карьерасындағы маңызды жеңісіне қол жеткізді.