Юлия Галышева Әлем Кубогы кезеңінде могулдан екінші орын иеленді
Фристайл бойынша Әлем Кубогының кезеңінде қазақстандық Юлия Галышева канадалық Жюстин Дюфур-Лапуант (77.80) бес балл ғана есе жіберіп, 77.75 нәтижемен күміс жүлдегер атанды, ал, үшінші орынды жеңімпаздың сіңілісі Хлоэ Дюфур-Лапуант иеленді.
Ерлер арасында қазақстандықтар арасында үздік нәтижені Дмитрий Рейхерд көрсетті. Ол 79.18 ұпай жинап, сегізінші орынға тұрақтап, Павел Колмаков 10-орында. Бірінші орынды австралиялық Мэтт Грэм (83.48), екінші орынды канадалық Микаэль Кингсбери ( 82.75) және үшінші орынды швед спортшысы Людвиг Фьяльстрем (81.41) иеленді.
inform.kz