Қазақстандық таеквондошылар Түркияда үш медаль иеленді
14 ақпан күні Түркияның Белек қаласында басталған «Turkish Open» халықаралық турнирінің бірінші күнінде қазақстандық спортшылар үш медаль иеленді.
Турнирге Нұрсұлтан Мамаевтан басқа (Филиппинадағы квалификациялық турнирге дайындық) чемпионатқа Ұлттық құрама командасы толығымен қатысты.
49 келі салмақта Айнұр Есбергенова Түркия, Бельгия, Хорватиядан келген қарсыластарын ұтып, финалдық кезеңде түркиялық Рукие Йылдиримға ғана жеңіліп, күміс медаль иеленді.
Алмас Мұқамыров (58 кг) жартылай финалда жеңіліп, турнирдің қола жүлдегері атанды. Алмасты жеңген палестиналық спортшы Абу Альруб турнирдің чемпионы атанды.
Сондай-ақ, Ержан Абылқас 74 келі салмақта қола медаль еншіледі.