Элизабет Тұрсынбаева жасөспірімдер Олимпиадасында қола медаль иеленді
Мәнерлеп сырғанаушы Элизабет Тұрсынбаева Норвегияның Лиллехаммер қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы ІІ қысқы Олимпиадада қола медаль жеңіп алды.
Жарыстың алтын жүлдесін ресейлік Полина Цурская (186,04 ұпай) иеленсе, «күмісті» тағы бір ресейлік Мария Сотсковая (169,50 ұпай) алды. 16 жастағы қазақстандық Элизабет Тұрсынбаева екі бағдарлама қорытындысы бойынша 167,88 ұпай жинады.
Айта кетейік, бұл Қазақстан Ұлттық құрамасының осы Олимпиада барысында еншілеген екінші жүлдесі. Бұған дейін биатлоншы Арина Пантова да команда қоржынына қола медаль салған еді.