Алматыда шаңғымен секіруден Әлем Кубогінің қысқы кезеңі аяқталды
26-28 ақпан аралығында Алматы қаласында тұғырдан шаңғымен секіру бойынша Әлем Кубогінің қысқы кезеңі аяқталды. Әлемнің 15 елінен келген 150-ге жуық спортшы «Сұңқар» халықаралық кешенінде бақ сынады
Жарыстың бірінші күні әйелдер арасында Жапония елінен келген Сара Таканаши 252,6 нәтижелі көрсеткішімен жеңімпаз атанды. Екінші және үшінші орындарды Австрия елінің өкілдері – Даниэла Ирашко-Штольц (245,3) және Жаклин Зайфридсбергер(239,2) өзара бөлісті.
Ерлер арасында жарыстың бірінші күнінде Словения елінің өкілі Петер Превц 272,7 нәтижесімен жеңіс тұғырына көтерілді. Австриялық Михаэль Хайбек (254,7) екінші, Германия елінің өкілі Зеверин Фройнд (252) үшінші орынды қанағат тұтты.
Жарыстың соңғы күнінде әйелдер арасында Әлем кубогы кезеңінде жапониялық Сара Таканаши екінші мәрте жеңімпаз атанды. Ол 236,9 ұпайға қол жеткізді. Австриялық Даниэла Ирашко-Штольц (234,7) екінші, Втич Майе(233,9) үшінші орынға жайғасты.
Әлем кубогының екінші күні де словениялық Петер Первц 325,9 ұпаймен бірінші орынды иеленсе, екінші орынды – Зеверин Фройнд (314,3), үшінші орынды – Танде Даньель-Андре (310,9) алды.
almaty2017.com