Рио-2016. Олимпиадаға босқындар командасы қатыспақ
Халықаралық Олимпиада комитетінің (ХОК) атқарушы комитеті 2016 жылы Рио-де-Жанейрода өтетін Жазғы Олимпиада ойындарына қатысу үшін босқындар командаларын құру идеясын бекітті.
«Құрамаға 5-10 спортшы кіреді деп ойлаймын. Бұл команданы құрып, біз бүкіл әлемдегі босқындарға үміт сыйлағымыз келеді», - дейді ХОК президенті Томас Бах.
Айта кетейік, ХОК команданы арнайы жабдықтармен қамтамасыз етеді. Ал спортшылардың ойындарға қатысуының барлық шығындарын ХОК қадағалауындағы «Олимпиадалық ынтымақтастық» ұйымы өз мойнына алып отыр.