Таэквондодан Рио Олимпиадасына жолдама беруші турнирге қатысатын Қазақстан Ұлттық құрамасының тізімі жарияланды
Олимпиадаға жолдама беруші турнир 16-17 сәуір күндері Филлипиннің Манила қаласында өтеді. Оған Қазақстан құрамасы сапынан 4 спортшы қатысады.
Олимпиадаға таэквондо спортынан 49, 67, 58 және +80 келі салмақ енген.
Іріктеуге баратын спортшылар тізімі төмендегідей:
Айнур Есбергенова (49 кг), Жансель Дениз (67 кг), Нұрсұлтан Мамаев (58 кг) және Руслан Жапаров (+80 кг).
Айта кетейік, таэквондодан Қазақстан Ұлттық құрамасын кореялық маман – Ю Енг Джин жаттықтырады.