Қазақстандық спортшылар допингке жаңа жабдық арқылы тексеріле бастайды
Бұл туралы Спорт және дене тәрбиесі комитетінің төрағасы Елсияр Қанағатов хабарлады.
Ұлттық Олимпиада комитетінің президенті Тимур Құлыбаев жаңа жабдық сатып алу туралы мәселені былтыр қараша айында қозғаған. Себебі, ескі құрылғылар спортшылар қанының құрамындағы тыйым салынған препараттарды дұрыс анықтамауы мүмкін.
«Зертхана сәуірдің басында жеткізілуі мүмкін. Келісімшарт жасалып, ақысы төленген, жабдық - заманауи. Шетелден әкелінеді, жеткізу уақыты келісілген. Барлық қаржыландыру мәселелері шешілді. WADA ұсынымы бойынша сатып алмақпыз, бұл спортшыларымыздың қанын егжей-тегжейлі талдауымыз үшін маңызды», - дейді Комитет төрағасы Елсияр Қанағатов.
inform.kz