«Kazsport» мәнерлеп сырғанаудан Әлем чемпионатын тікелей эфирде көрсетеді
Бүгін АҚШ-тың Бостон қаласында мәнерлеп сырғанаудан Әлем чемпионаты басталады. Турнирді «Kazsport» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді. Әлем біріншілгі ертең бишілердің мұздағы қысқа бағдарламасынан басталады. Қазақстанның намысын 24 жастағы Дарын Жүнісов пен 18 жастағы Анастасия Хромова қорғайды.
31 наурыз күні сағат таңғы 04:05-те ерлер арасында қысқа бағдарлама жарыстары өтеді. Мұзға Сочидегі Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Денис Тен шығады. Сол күні сағат 22:00-де әйелдер арасындағы жарыстар басталып, онда Қазақстанның намысын 16 жасар Элизабет Тұрсынбаева қорғамақ.
Тікелей эфир кестесі:
30 наурыз:
20:35. Мұздағы би. Қысқа бағдарлама.
31 наурыз:
02:50. Әлем чемпионатының ашылу салтанаты.
04:05. Ерлер арасындағы қысқа бағдарлама.
22:00: Қыздар арасындағы қысқа бағдарлама.
1 сәуір:
05:20. Мұздағы би
23:05. Жұптық бәсеке. Қысқа бағдарлама.
2 сәуір:
04:35. Еркін бағдарлама. Ерлер.
3 сәуір:
04:50. Еркін бағдарлама. Қыздар.
10:50. Жұптық бәсеке. Еркін бағдарлама.