«Қазақстан» РТРК» АҚ қызметкері Мұрат Ерғалиев киокушинкай каратэмен 17 жылдан бері шұғылданып келеді
Киокушинкай каратэден қара белбеу (1-дан) иегері Мұрат Ерғалиев бүгінде ардагерлер арасындағы халықаралық жарыстарға қатысып жүр.
Жуырда ол Мәскеуде өткен киокушинкай каратэден халықаралық «Мәскеу Кубогы» турнирінен қола жүлдемен оралды. Сондай-ақ, аталмыш турнирдің былтырғы жарысында күміс жүлде иеленген болатын.
Мұрат Ерғалиевтің бұл спортты таңдаудағы мақсаты – мұнда сабырлық пен төзімділікке баулып қана қоймай, ерік күш-жігеріңді де жани түседі.