Тимур Құлыбаев Азия Олимпиадалық кеңесінің вице-президенті болып тағайындалды

ҚР Ұлттық Олимпиада комитетінің (АОК) президенті Тимур Құлыбаев Азия Олимпиадалық кеңесінің вице-президенті лауазымына тағайындалды. Бұл туралы ҚР ҰОК баспасөз қызметі хабарлады.
Оның кандидатурасын ұйымның президенті шейх Ахмад Әл-Фахад Әл-Сабах, Азия Олимпиадалық кеңесінің Атқарушы комитетінің мүшелері бірауыздан бекітті.
Азияның Олимпиадалық кеңесі - Халықаралық Олимпиада комитеті таныған бес Ұлттық Олимпиадалық комитеттердің құрлықтық қауымдастығының бірі. Азия елдеріндегі Олимпиада қозғалысын басқарушы орган қазіргі уақытта 45 мемлекеттің басын қосады.
Ұйым АОК мүше елдерінің Олимпиада қозғалыстарын басқарады және үйлестіреді. Тұрақты түрде қысқы және жазғы Азия ойындарын өткізеді.