Ескек есуші Сергей Емельянов Германиядағы әлем Кубогінде қола жүлдеге ие болды
Дуйсбургте байдарка мен каноэмен есу бойынша әлем Кубогінде ОҚО спортшысы Сергей Емельянов қола медальға ие болды, деп хабарлады ОҚО әкімі аппаратының баспасөз қызметінен.
500 метрге каноэмен жекелей жарыста қазақстандық Сергей Емельянов жүлделі үшінші орынды иемденді.
Оның қос ағасы Михаил мен Тимофей де каноэда ескек еседі.
Ағасы Тимофеймен бірге ол талай белесті бағындырды, жастар арасындағы әлем чемпионатында 200м, 500м, және 1000м арақашықтықта дес бермей, үш алтынға ие болған.
Қазан универсиадасында 500 және 1000 метрлік қашықтыққа ескек есуден күміс жүлдеге ие болса, Инчхонда өткен Азия ойындарында спортшымыз 1000 метрлік қашықтықта сынға түсіп, екінші орынға лайықты деп танылды.