Алматыда волейболдан ерлер арасындағы Әлемдік Гран-придің екінші кезеңі аяқталды
Алматы қаласындағы Балуан Шолақ спорт сарайында 24-26 маусым күндері волейболдан ерлер арасындағы Әлемдік Гран-придің екінші кезеңі аяқталды. Турнирге Қытайлық Тайпей, Германия, Испания және Қазақстан құрамалары қатысты.
Жарыстың алғашқы күні Қазақстан Ұлттық құрамасының волейболшылары Германиямен ойнап, 0:3 (21:25, 19:25, 25:27) есебімен жеңілді. Сондай-ақ, екінші күні Испаниядан 0:3 және соңғы жарыс күні Қытайлық Тайпей құрамасынан 1:3 есебімен ұтылып қалды.
Бұл кезеңде Қытайлық Тайпей 3 ұпаймен бірінші, Германия 2 ұпаймен екінші, Испания 1 ұпаймен үшінші және Қазақстан құрамасы төртінші орын иеленді. Ал, жалпы рейтингте Словения құрамасы 5 ұпаймен көш бастаса, Қазақстан Ұлттық құрамасы 1 ұпаймен 11-ші орында келеді.
Айта кетейік, турнирді «Kazsport» телеарнасы тікелей эфирде көрсетті.
Волейболдан ерлер арасындағы Әлемдік Гран-придің екінші кезең нәтижелері:
24 маусым:
Испания – Қытайлық Тайпей – 1:3 (20:25, 22:25, 26:24, 20:25)
Қазақстан – Германия – 0:3 (21:25, 19:25, 25:27)
25 маусым:
12:00 Қытайлық Тайпей – Германия – 3:1 (25:23, 16:25, 30:28, 25:21)
15:30 Қазақстан – Испания – 0:3 (22:25, 18:25, 21:25)
26 маусым:
12:00 Германия – Испания – 3:1 (25:20, 21:25, 25:16, 25:14)
15:30 Қазақстан – Қытайлық Тайпей – 1:3 (25:23, 23:25, 22:25, 22:25).