6 жастағы қазақстандық каратэдан әлем чемпионы атанды
Қазақстандық каратэ шеберлері Үндістандағы Мумбаи қаласында өткен Әлем чемпионатынан табысты оралды.17 спортшыдан жасақталған Қазақстан құрамасы 22 алтын, 1 күміс, 2 қола медаль еншіледі. 22 алтынның біреуін 6 жастағы Джаноб Гафуров иеленген. Оның бұдан басқа ката өнерінен күміс медаль алды.
«Біздің ұлымыз Үндістанда Қазақстан намысын қорғап, сәтті өнер көрсетті! Келешекте бұдан да жақсы өнер көрсетіп, Қазақстан туын биікте желбіретеді деген үміттеміз!»- деді жас чемпионның ата-анасы.
Енді әлем чемпиондары Францияда қараша айында өтетін келесі турнирге дайындалмақ.