Беларусь елінде өткен халықаралық турнирде қазақстандық каратэшілер жеңімпаз атанды
Қазақстандық каратэшілер Беларусь елінде каратэден (WKF) өткен ХХІІ халықаралық турнирде табысты өнер көрсетті.
Жарысқа Украина, Ресей, Эстония, Беларусь, Латвия, Иран, Македония, Грузия және Қазақстан елдерінен 700-дей спортшы қатысып, бақ сынаған.
Дархан Темірәлиев кадеттер арасында 55 келіде топ жарса, Әлихан Сартаев жасөспірімдер арасында 52 келіде чемпион атанды. Сондай-ақ Әлихан Ақжолов пен Сара Ахметжан халықаралық турнирдің қола жүлдесін иеленді. Жас каратэшілерді Ринат Мерғалиев жаттықтырады.
Дерек көзі: prosportkz.kz