«Айша-Бибі» клубы су добынан Ресей чемпионатындағы матчтарын бастады
Осы аптада Мәскеу облысының Руза қаласында су добынан Ресей чемпионаты басталды. Қазақстандық «Айша-Бибі» турнирде жеңіп те, жеңіліп те үлгерді.
Жамбылдық команданың алғашқы қарсыласы «Штурм-2002» клубы болған. Біздің қыздар қарсыласынан оңай айласын асыра алды - 17:6 (3:0, 4:1, 5:2, 5:3).
Бірақ келесі күні «Югра» командасына қарсы кездесуде тараздықтар 13:9 (4:2, 3:4, 4:2, 2:1) есебімен жеңіліп қалды.
Ертең «Айша-Бибі» санкт-петербургтік «Диана» клубымен күш сынасады.