Астанада таэквондодан Қазақстан чемпионаты басталды
Астанада «Дәулет» спорт кешенінде таэквондодан Қазақстан чемпионаты басталды.
Жарысқа 14 облыс пен Астана, Алматы қалаларынан 300-ге жуық спортшы қатысып жатыр. Олардың арасында Рио-де-Жанейродағы ХХХІ жазғы Олимпиадаға қатысқан Джансель Дениз, Руслан Жаппаров және Айнұр Есбергенова және жастар арасында Азия ойындарының жеңімпазы Нұрсұлтан Мамаев та бар.
Жарысқа қатысушы қыздар 8 салмақта, ерлер 8 салмақ дәрежесінде үздіктерді анықтайтын болады. Турнирдің маңыздылығын барлық Федерацияның өкілдері, жаттықтырушылар мен спортшылар да айтуда. Өйткені жарыс қорытындысы бойынша Қазақстанның ұлттық таэквондо (WTF) құрамасы жасақталмақ. Үздік спортшылардың жетістіктерін бас бапкер ҚР ҰҚК таэквондо бойынша шебері Ю Енг Джин жіті бақылауда.
Дереккөз: egemen.kz