Қазақстандық төрт ауыр атлет Олимпиада медальдарынан айырылды
Светлана Подобедова, Зүлфия Чиншанло және Майя Манеза Олимпиада медальдарынан айырылды, деп хабарлайды egemen.kz ҰОК ресми сайтына сілтеме жасап.
Олар Лондон Олимпиадасында өз салмақ дәрежесінде алтын медаль жеңіп алған болатын. Жақын арада Подобедова, Чиншанло және Манеза алтын медальдарды қайтаруы тиіс. Олардың қатысқан жарыстары қайта қаралатын болды.
ХОК Подобедова, Чиншанло және Манезадан допинг сынамаларының анықталғанынан кейін осындай шешім шығарған. Рұқсат етілмеген заттар қайта тексерілуден кейін анықталған. ХОК WADA-мен бірге бұл тексерістерді осы жылдың басынан бастап өткізіп келеді.
Осыған дейін ХОК Олимпиада-2008 ойындарының күміс жүлдегері Таймураз Тигиевтің медалін қайтарып алған болатын.