8 жастағы қазақ қызы Айша Закирова шахматтан әлем чемпионы атанды
Батумиде 8,10 мен 12 жасқа дейінгі балалар арасында шахматтан Әлем чемпионаты өз мәресіне жетті. Жарыс қорытындысы бойынша 8 жастағы Айша Закирова құрдастары арасында әлем чемпионы атанды, деп хабарлайды Қазақстан шахмат федерациясы.
Айша 6 жасынан бастап шахматпен айналысқан. Ол Алматыдағы Халықаралық кәсіби шахмат мектебінің шәкірті болып табылады. Соңғы жылдары Шәкей және Кәусар Бауыржан оның бапкері болған.