Ольга Рыпакова Өскеменде ашық сабақ өткізбек
17 қараша күні «Samruk Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры қолдауымен «Физкульт-Ура» әлеуметтік жобасы Өскемен қаласында бірінші рет өткізілмек, деп хабарлайды «Астана» президенттік клубының баспасөз қызметі.
Ашық сабақты Бейжің және Рио Олимпиадаларының қол жүлдегері, Лондон Олимпиадасының чемпионы Ольга Рыпакова мен «Астана» президенттік клубының Спорт менеджері Юрий Мельниченко өткізеді.
Бұл - жоба аясындағы 17-шісі ашық сабақ. Бұған дейін «Физкульт-Ура» сабақтары Астана, Алматы, Қарағанды, Ақтөбе, Қостанай қалаларында және Қостанай облысындағы Федоровка ауылында өткізілді. Жобаға Василий Левит, Ивана Дычко, Данияр Елеусінов, Эльмира Сыздықова, Дариға Шәкімова, Дмитрий Баландин, Гюзель Манюрова, Серік Сәпиев, Ольга Шишигина, Валерий Тихоненко, Ермахан Ибраимов, Жақсылық Үшкемпіров, Юрием Мельниченко қатысып, ашық сабақ өткізген болатын.