Берік Имашев Халықаралық қазіргі заманғы бессайыс одағының (UIPM) Вице-президенті болып сайланды
2016 жылғы 25-26 қарашада Франкфурт қаласында (Германия) Халықаралық қазіргі заманғы бессайыс одағының (UIPM) 68-ші есептік-сайлау Конгресі өтті.
Конгреске мүше елдердің рекордтық саны, әлемнің 78 елінен Ұлттық федерациялардың Бірінші басшылары мен Бас хатшылары қатысты.
Конгресті Халықаралық Олимпиада комитетінің Президенті Томас Бах ашты.
Конгресс қорытындысы бойынша Халықаралық қазіргі заманғы бессайыс одағының (UIPM) Президенті болып қазіргі Президент Доктор Клаус Шорманн (Dr. Klaus Shormann (Germany) қайта сайланды.
Аталған Конгресте Қазақстан Республикасы UIPM Атқарушы комитетінде жоғары тағайындауға ие болды.
ҚР ҰОК Атқарушы комитетінің мүшесі, Қазақстан Республикасының Қазіргі заманғы бессайыс федерациясының президенті Берік Имашев Халықаралық қазіргі заманғы бессайыс одағының (UIPM) Вице-президенті болып сайланды.
UIPM-нің бес вице-президентінің лауазымына 9 кандидатура ұсынылды. Табан тірескен күресте жасырын дауыс берудің 3 раундынан кейін келесі Олимпиадалық циклге (2017-2020 жж.) 5 вице-президенттің аттары жарияланды.
- Juan Antonio Samaranch - ESP
- Jouel Bouzou - FRA
- Aminov Viacheslav - RUS
- Imashev Berik - KAZ
- Joan Manzo Oranegui - MEX
Сонымен қатар, қазіргі заманғы бессайыстың және олимпиадалық қозғалыстың дамуына қосқан зор үлесі үшін Қазақстан Республикасы ҚР ҰОК-ның бірінші Президенті, UIPM және АМРС атқарушы комитетінің қайтыс болған мүшесі Т. Досымбетов «UIPM-нің құрметті мүшесі» медалін иеленді, ал Тимур Досымбетовтың есімі Лозанна қаласындағы (Швейцария) Олимпиада музейінің UIPM құрмет залына енгізілді. Бұл туралы UIPM-нің Президенті Доктор Клаус Шорманн хабарлады.
Конгресс жұмысының соңғы күні 2018 және 2019 жылдарда әлем чемпионаттары өтетін жерлер айқындалды. 2018 жылғы Әлем кубогының финалы Алматы қаласында болады.