Жансая Әбдімәлік «Krystyna Hołuj-Radzikowska» Халықаралық турнирінде жеңімпаз атанды
Польша елінің Вроцлав қаласында әйелдер арасындағы «Krystyna Hołuj-Radzikowska» Халықаралық турнирінде Жансая Әбдімәлік бас жүлдені еншіледі деп, хабарлайды inform.kz.
Осымен алтыншы мәрте жалауын желбіреткен бәсеке 23 қарашада басталып, 1 желтоқсанда өз мәресіне жетті. Осы аралықта Қазақстан намысын қорғаған шахматшы аруымыз Жансая Әбдімәлік мүмкін болған 9 ұпайдың 7-еуін еншілеп, бас жүлдені жеңіп алды. Ол 5 қарсыласын айқын басымдықпен ұтса, төртеуімен тең түсіп, турнирдегі ең жоғары нәтижеге қол жеткізді.