Азиада-2017. Коньки жарысынан жерлесіміз Денис Кузин күміс жүлдегер атанды

Бүгін Саппоро қаласында өтіп жатқан VІІІ Қысқы Азия ойындарында Қазақстан құрамасының өкілдері төртінші медальды жеңіп алды.

Коньки жарысынан 1000 метр қашықтықта жерлесіміз Денис Кузин мәре сызығын екінші болып кесіп, Қазақстан қоржынына екінші күміс жүлдені салды.

Бұл сайыста жапон спортшысы Такуро Ода чемпион атанды. Ал, үшінші орынға күншығыс елінің тағы бір спортшысы Шунсуке Накамура табан тіреді.

Денис Кузинннің жүлдесі - бүгінгі Қазақ спортшыларының жеңіп алған үшінші жүлдесі. Осыған дейін жарыстың екінші күні шаңғышы аруымыз Елена Коломина күміс еншілесе, бүгін бір қоланы жеңіп алды. Ал одан кейін ерлер арасында тағы бір шаңғышымыз Ринат Мухин 15 шақырымдық жарыста 41 минут 25,3 секунд нәтижесімен чемпион атанған болатын.

Қазақстан құрамасы әзірге 1 алтын, 2 күміс, 1 қола медальмен төртінші орында.

Танымал жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар

Ел мерейін асқақтатқан спортшылар
Қазақстандық қыздар Азия чемпионатында бес алтын еншіледі
Қазақстан құрамасынан 14 спортшы Азия чемпионатының финалына шықты
Шавкат Рахмонов мансабындағы 19-жеңісіне қол жеткізді
Шавкат Рахмонов пен Иэн Гэрри көз түйістірді
Бокстан Азия чемпионаты «Qazsport» телеарнасына қатысы жоқ себептерге байланысты көрсетілмейтін болды
КФФ президенттігіне үміткерлердің есімдері белгілі болды
Бокс: Алуа Балқыбекова сырқатына байланысты жарысқа қатыса алмайды
Бейбарыс Жексен өзбекстандық боксшыдан басым түсті
Бокс: Оразбек Асылқұлов қарсыласын мерзімінен бұрын жеңді
Азия чемпионаты: Дулат Бекбауов ширек финалда
Шаңғы жарысы: Финляндиядағы Әлем Кубогына қатысатын ел құрамасы жасақталды
Руслан Құрбанов семсерлесуден Әлем кубогында қола медаль жеңіп алды
Қазақстандық шахматшылар Әлем чемпионатында топ жарды
Түркістанда қазақ күресінен Әлем кубогы аяқталды
Қазақстандық балуандар Оңтүстік Кореяда өткен турнирде алты жүлдеге ие болды
Түркістанда қазақ күресінен Әлем кубогы өтіп жатыр
Қазақстан құрамасы семсерлесуден қола медаль жеңіп алды
Қазақстандық шорт-трекшілер Италияда өткен турнирде екі алтын жеңіп алды
Михаил Шайдоров Қытайда мәнерлеп сырғанаудан күміс медаль жеңіп алды