Юлия Галышева параллельді могул бойынша Әлем чемпионатының күміс жүлдесін иеленді

Осы күндері Испанияның Сьерра-Невада тау-шаңғы курортында шаңғы фристайлы және сноубордтан 2017 жылғы Әлем чемпионаты өтуде.

Бүгін қазақстандық Юлия Галышева параллельді могул бойынша күміс жүлдеге ие болды.

Бұл - 24 жастағы спортшының Әлем чемпионаттарындағы екінші медалі. 2015 жылы  параллельді могул бойынша қола жүлдегер атанған болатын. Ол - бұл спорт түрі бойынша Әлем чемпионатында жүлде иеленген жалғыз қазақстандық спортшы.

Алтын жүлдені  франциялық Перрин Лафо, қола медальді америкалық спортшы Джаелин Кауф еншіледі.

Естеріңізге саламыз, чемпионатты «Kazsport» телеарнасы тікелей эфирде көрсетуде.

Жарыс 19 наурызға дейін жалғасады. 

Танымал жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан құрамасы футболдан Әлем чемпионатының жеребе тарту рәсімінде J тобына жайғасты
Абылайхан Жүсіпов Азия чемпионы атанды
«Астана» «Челсиге» есе жіберді
Қазақстандық ауыр атлет Әлем чемпионы атанды
Ел мерейін асқақтатқан спортшылар
Қазақстандық қыздар Азия чемпионатында бес алтын еншіледі
Қазақстан құрамасынан 14 спортшы Азия чемпионатының финалына шықты
Шавкат Рахмонов мансабындағы 19-жеңісіне қол жеткізді
Шавкат Рахмонов пен Иэн Гэрри көз түйістірді
Бокстан Азия чемпионаты «Qazsport» телеарнасына қатысы жоқ себептерге байланысты көрсетілмейтін болды
КФФ президенттігіне үміткерлердің есімдері белгілі болды
Бокс: Алуа Балқыбекова сырқатына байланысты жарысқа қатыса алмайды
Бейбарыс Жексен өзбекстандық боксшыдан басым түсті
Бокс: Оразбек Асылқұлов қарсыласын мерзімінен бұрын жеңді
Азия чемпионаты: Дулат Бекбауов ширек финалда
Шаңғы жарысы: Финляндиядағы Әлем Кубогына қатысатын ел құрамасы жасақталды
Руслан Құрбанов семсерлесуден Әлем кубогында қола медаль жеңіп алды
Қазақстандық шахматшылар Әлем чемпионатында топ жарды
Түркістанда қазақ күресінен Әлем кубогы аяқталды
Қазақстандық балуандар Оңтүстік Кореяда өткен турнирде алты жүлдеге ие болды