Мәнерлеп сырғанаудан Әлем чемпионатында ел намысын екі спортшы қорғайды
15-19 наурыз аралығында Тайвань елінің Тайбэй қаласында жастар арасындағы мәнерлеп сырғанаудан әлем чемпионаты өтеді.
Әлемдік додада Қазақстан намысын екі спортшы қорғайды. Қыздар арасында Универсиада ойындарының қатысушысы Айза Мамбекова сынға түссе, ерлер арасында Артур Панихин өнер көрсетеді.
Жалпы, әлем біріншілігіне қатысуға қыздардан 44 және ұлдардан 45 мәнерлеп сырғанаушы өтініш берген.