Алматыда Бекет Махмұтовтың сыйлығына арналған халықаралық турнир өтеді
Алматыда Қазақстан Дзюдо федерациясының құрметті президенті Бекет Махмұтовтың сыйлығына арналған дзюдодан халықаралық турнир өтеді. Турнирге шетелден 500-ге жуық спортшы қатысады деп жоспарлануда.
22-23 сәуір аралығында өтетін халықаралық турнирге 1997-1999 жылы туылған спортшылар қатысады.
Жарыс Алматы қаласындағы «Халық Арена» мұз сарайында өтеді.
Естеріңізге сала кетсек, Бекет Махмұтов қазіргі таңда Қазақстан Дзюдо федерациясының құрметті президенті. Ол 2009-2013 жылдар аралығында Қазақстан Дзюдо федерациясының Президенті, сондай-ақ, Азия Дзюдо Одағының вице-презмденті қызметін атқарған.