Мәнерлеп сырғанаудан Әлем чемпионаты аяқталды (ВИДЕО)
Хельсинкиде мәнерлеп сырғанаудан Әлем чемпионаты аяқталды.
Спортсүйер қауым жарыстың соңғы күнінде өздерінің сүйікті мәнерлеп сырғанаушыларының өнеріне тәнті болды. Пхенчхан-2018 қысқы Олимпиада ойындарына алғашқы квалификация кезеңі саналатын чемпионатта жекелей сында 24 квота сарапқа салынса, мұздағы биде 19, спорттық жұпта 16 квота ойнатылды.
Биыл 6 әлем рекорды жаңартылды.
Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Элизабет Тұрсынбаева чемпионатта сәтті өнер көрсетіп, Қазақстанға әйелдердің жекелей өнер көрсету санаты бойынша 2 лицензия ұтып алды. Бұған дейін Қазақстан әйелдер арасында жеке өнер көрсетуден Олимпиадаға қатыспаған еді.
Сонымен қатар, бұл біріншілікте өнер көрсеткен Денис Тен Оңтүстік Кореяда өтетін 2018 жылғы Олимпиадасының жолдамасына ие болды.