Әзербайжан Исламиада эстафетасын Түркияға тапсырды
Бакудегі IV Ислам ынтымақтастық ойындарының салтанатты жабылу рәсімінде Әзербайжан эстафетаны Түркияға тапсырды, деп хабарлайды Trend.
Ислам ойындары спорттық федерациясының Бас хатшысы Файсал Абдулазиз әл-Нассар Ислам ынтымақтастық ойындарының өкілі, Түркияның Жастар және спорт министрінің орынбасары Камуран Өзденге туды табыс етті.
Еске сала кетсек, Әзербайжан астанасы Баку қаласында 12-22 мамыр аралығында IV Ислам ынтымақтастық ойындары өткізілді. Қазақстан атынан Ойындарға 5 спорт түрі бойынша 32 спортшы қатысты. Олар бокс, дзюдо, таеквондо WTF, еркін және әйелдер күресінен ел намысын қорғады.