Ертең Астанада «Kazsport» телеарнасының 4 жылдығына орай күш сынасудан жаңа рекорд орнатылады
27 маусым күні «Kazsport» телеарнасының 4 жылдығына орай Астанада Қазақстан және әлем рекордын палуан Сергей Цырульников орнатады.
Әр қатысушыға Абылай ханның найзасын лақтыру және Тордың тоқпағын көтеру мүмкіндігі беріледі.
Мерекенің құрметті қонақтары - Юрий Мельниченко, Людмила Прокашева, Әлия Юсупова, Антон Пономарев, Денис Уланов, «Қазақстан барысы» турнирінің қатысушылары, Екатерина Айдова, Дмитрий Бабенко, Александра мен Екатерина Немич және қалғандары.
Ендеше, ертең 09:00-де сіздерді Астана қаласындағы «Алау» мұз айдынында асыға күтеміз!
Келіңіздер, көріңіздер!