Ольга Рыпакова Ашхабадтағы Азия ойындарында екінші алтын медальді жеңіп алды
Түрікменстан астанасы Ашхабад қаласында өтіп жатқан жауынгерлік өнер түрлері бойынша жабық ғимаратта өтетін V Азия ойындарының төртінші жарыс күні өтіп жатыр. Әйелдер арасына үш қарғып секіруден ел намысын қорғаған қос бірдей спортшымыз Ольга Рыпакова және Мария Овчинникова жеңіс тұғырынан көрінді.
Ольга төртінші мүмкіндігінде 14.32 метрге секіріп, осы ойындағы екінші алтын медальін қанжығасына байлады. Ал Мария Овчинникова үшінші мүмкіндігінде 13.21 метр ұзындықты бағындырып, күміс медаль иеленді. Қола медальды қытайлық ТанЧюджяу (13.20 метр) жеңіп алды.
inform.kz