Допты хоккейден Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Әлем чемпионатынында қола жүлдеге ие болды
Ресейдің Ульяновск қаласында 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер құрамалары арасында бендиден Әлем чемпионаты аяқталды. Ел намысын қорғаған жігіттеріміз 3-орынға ие болды.
Топтық кезеңді іркімлей өтіп, жартылай финалда Швеция құрамасына ұтылған қазақстандықтар, 3-орын үшін болған ойында Финляндия құрамасын 5-1 есебімен ойсырата жеңді.
Бұл ойында құрама сапынан Дәурен Оралов төрт нақты соққымен көзге түссе, Ершат Амангелдиев команда сапындағы бесінші допты соқты.
Құрама команданы допты хоккейден Ақтөбе облысының жаттықтырушысы Данияр Мулдашев бастап барды.